22 Тамыз 2025
Жаңалықтар1

⚜️Mіндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

🔸Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2025 - 2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.

🔸Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

🔸Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

🔸Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.

🔸Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:

- жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;

- түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.

🔸Ата - аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.

🔸Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата - аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.